Өткен айда еліміздегі өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 4,3 пайызға жоғарылады
«Өткен айда бағаның газ конденсатына - 16,5 пайызға, сұйытылған пропан және бутанға - 13 пайызға, металл кендеріне - 7,6 пайызға, табиғи газға - 5,7 пайызға, мұнайға - 4,2 пайыз, көмірге - 1,6 пайыз, бензинге - 0,4 пайызға жоғарылауы тіркелді. Сондай-ақ баға мырышқа - 27,3 пайыз, қорғасынға - 22,6 пайыз, асыл металдарға - 15,3 пайыз, мысқа - 9,9 пайыз, ферроқорытпаларға - 4,6 пайыз, қара металдар илегіне - 4,2 пайыз, алюминийге - 4,1 пайызға жоғарылады», - делінген баспасөз баянында.
Мәліметтерге қарағанда, есепті кезеңде бағаның өсімдік майына - 13,4 пайыз, құс етіне - 4,9 пайыз, мал етіне - 0,9 пайыз, қара бидай ұнына - 3,8 пайыз, бидай ұнына - 1,6 пайыз, қантқа - 3,7 пайыз, күрішке - 2,9 пайыз, қарақұмық жармасына - 2,7 пайыз, шайға - 2,6 пайыз, маргаринге - 2,4 пайыз, нанға - 1 пайыз, сүт өнімдеріне - 0,5 пайызға жоғарылауы байқалған.