Өткен демалыс күндері Астана қаласының жол полицейлері 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтады

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Астана қаласының жол полицейлері 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Жол полициясы басқармасынан мәлім етті.
None
None

«Демалыс күндері жол қозғалысын қадағалау барысында жол сақшылары 1247 түрлі бұзушылықтарды анықтады», делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Оның ішінде 37 жүргізуші рөлге мас күйінде отырғаны үшін ұсталды. Жылдамдықты тым асырғаны үшін 163 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, 16 жүргізушіге - қарсы жолға шығып кеткені үшін, 24 - көліктің техникалық жағдайы үшін, 25 - көлік құралына құжатсыз отырғаны үшін, 36 - қозғалыс кезінде ұялы телефонды қолданғаны үшін айыппұлдар салынды. Айыппұл тұрағына 36 автокөлік жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар