Өткен екі айда халықтың табиғи өсуі 607 адамды құрады - Павлодар облысы
Қалада тұратындардың саны - 512,1 мың адам, бұл жалпы облыс халқының 68,6 пайызы.
Қаңтар-ақпан айларында облыста 2 047 нәресте дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 6,4 пайызға көп. Бірақ та сол екі айда 1440 адам қайтыс болған - бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,2 пайызға көп. Өлім-жітімдердің жартысынан көбіне қан айналымының аурулары себеп болып отыр.
Нәтижесінде, облыс халқының табиғи өсімі 607 адамды құрап отыр, оның ішінде қалаларда - 415 адам, ауылдық жерлерде - 192 адам.
Жылдың алғашқы екі айында сонымен бірге 616 неке тіркелген, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 4,2 пайызға аз. Есесіне ажырасу оқиғалары 2 пайызға, яғни 398 фактіге дейін өсіп отыр. 250 адам республикадан тыс жерлерге қоныс аударған, бұл былтырғы көрсеткіштен 12 адамға аз. Ал өңірге басқа елдерден келгендердің саны 194 адамды құрайды.