19:34, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Өткен онжылдықтар Қазақстан халқының таңдауы дұрыс болғанын көрсетті - Ақтөбе облысының әкімі
АҚТӨБЕ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ел тарихындағы жаңа мереке - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу салтанаты Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында өтті.

Мерекелік шараға 3 мыңнан астам ақтөбелік азаматтар қатысты, олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, еңбек ұжымдары және студенттер болды.
Мемлекеттік Әнұраннан кейін хореографиялық композиция орындалды. Ақтөбеліктерді жаңа мерекемен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. «21 жыл бұрын Қазақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп сайлау арқылы тарихи таңдауын жасады. Өткен онжылдықтар бұл таңдау дұрыс жасалғанын көрсетті, бүгінде елдің табысты дамуына бүкіл әлем куә болып отыр», - деді әкім.