09:27, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Өткен тәулікте КІІД қызмет көрсету аумағында 4 қылмыс тіркеліп, оның үшеуі ашылды
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде қызмет көрсету аумағында 4 қылмыс тіркелді,
деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. Оның ішінде криминалдық полиция желісі бойынша - 4 қылмыс, ал ашылғаны - 3. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 1, оның ішінде ашылғаны - 1.
Кеше 15-30 сағатта Алматы қаласының 1989 жылғы еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны арызданып келіп, 1 қаңтар күні сағат 18-30 шамасында Алматы-2 стансасының теміржол вокзалында белгісіз біреудің ішінде 38 000 теңгесі бар әмиянын қолды қылғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Алматы-2 стансасының вокзалында 1972 жылғы Алматы облысының еш жерде жұмыс істемейтін, сотты болмаған азаматын құрықтады. Одан ұрланған зат табылды.