Өткен тоғыз айда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2 есеге азайды - Индустрия министрлігі

өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап көрсеткеніндей, сыртқы сауда айналымның төмендеу үрдісіне жасалған талдау нәтижелері бойынша, экспорттың төмендеуі - 2 есеге, яғни 30 миллиард долларға, ал импорт - 36 пайызға, яғни 20 миллиард долларға кем болған.
«Экспорттың сан жағынан көлемі түскен жоқ, керісінше, металл, мұнай және басқа да өнімдердің эскпорттық көрсеткіштері жоғары болды. Бірақ, өкінішке қарай, бізде экспорттың 80 пайызын шикізаттар құрайды. Ал олардың бағалары 2008-2009 жылдар ішінде күрт төмендеді. Мысал келтіретін болсақ, 2008 жылға қарағанда биыл бидайдың бір тоннасы үшін әлемдік баға - 70 пайызға, мырыш - 78 пайызға, фосфор 32 пайызға арзандады», деді ол.