Өткен жыл Павлодар педагогикалық институты үшін табысты болды
деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.
ИСО 9001:2000 куәлігін және «European Quality» халықаралық сыйлығын алған заманауи ПМПИ еуропалық стандарттар бойынша сапалы білім береді. 2011 жылы білім берудегі сапалылықты қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің қорытындысында Қазақстан педагогикалық жоғары оқу орындарының рейтингісінде алған екінші орынды институт ұжымы жетістік деп санайды.
Оқыту кезінде мұнда озық білім беру технологияларын қолданады. Институт әлемнің 52 жоғары оқу орнымен қызмет етіп келеді, дәрістер оқу үшін жетекші қазақстандық және шетел оқытушылары мен сарапшылары шақырылады.
Өткен жылы ПМПИ негізінде 12 ірі халықаралық, республикалық және аймақтық жоғары деңгейдегі конференциялар мен кездесулер болып өтті. Оларға қатысушылар қатарында - ағылшын және поляк ғалымдары, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Татарстан, Ханты-Манси автономдық округі және Моңғолиядан келген зерттеушілер мен әдіскерлер бар.
Институт студенттер мен оқытушылардың академиялық белсенділігін дамыту - талаптарының бірі болып табылатын Болон процесінің белсенді қатысушысы. Өткен жылы білім алу үшін Чехия, Ресей және Болгарияға 19 магистрант аттанды.
2011 жылы ПМПИ-ның ғалымдары қырықтан астам оқу құралдары мен оқулықтарын басып шығарды.