Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 101 млрд. 209,9 млн АҚШ долларын құрады

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өткен 2008 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 101 млрд. 209,9 млн. АҚШ долларын құраған.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің мәліметтері бойынша, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға бағытталған экспорт көлемі 66 млрд. 949,8 млн АҚШ долларын құрап, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 57,2 пайызға артқан. Ал импорт ауқымы 34 млрд. 260,1 млн. АҚШ долларына жетіп, 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,1 пайызға өскен. Жалпы алғанда 2008 жылғы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2007 жылғы кезеңмен салыстырғанда 39,9 пайызға өскен болып отыр.
Соңғы жаңалықтар