Өткен жылы 41,6 млрд. теңге республикалық бюджет қаржысы игерілмей қалды - Қаржы министрі

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен жылы 41,6 млрд. теңге республикалық бюджет қаржысы игерілмей қалды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ел Үкіметінің 2012 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, 2012 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 99,3 пайызға немесе 5795,7 млрд. теңге сомасында атқарылған. 2011 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет шығыстарының өсімі 668,4 млрд. теңгені құрап отыр. «41,6 млрд. теңге пайдаланылмай қалды»,-деді ол.

Бұл ретте министрдің атап өтуінше, өткен жылы бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес бюджет 24,2 млрд. теңгеге атқарылмай қалған.

Соңғы жаңалықтар