14:36, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
Өткен жылы агроөнеркәсіп кешендерін дамытуға 32 миллиард теңге бағытталды - «ҚазАгроФинанс» АҚ
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Өткен жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ-ы агроөнеркәсіп кешендерін дамытуға 32 миллиард теңге бағыттады, оның ішінде жалпы сомасы 7,4 миллиард теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Бұл ақпаратты аталған мекеменің баспасөз қызметі таратып отыр.

Компания лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 19 140 миллион, қайта өңдеу құрал-жабдықтарына 763 миллион, арнайы техникаларға 1 228 миллион теңге бөлген. Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 55 егістік кешені, 320 әртүрлі модельдегі тракторлар және 243 басқа да техникалар сатып алынған. Ал егін жинау науқаны кезінде ауыл шаруашылығын өндірушілер 690 комбайнмен қамтамасыз етілген.