Өткен жылы ұлттық қор активтері 3843,9 млрд. теңгеге толықты - Б. Жәмішев

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен жылы ұлттық қор активтері 3843,9 млрд. теңгеге толықты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ел Үкіметінің 2012 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Қазақстан Республикасы ұлттық қорының активтері 2012 жылы 3843,9 млрд. теңгеге толықтырылды. Және 2013 жылғы 1 қаңтарда 10 446,5 млрд. теңгені құрады»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, оның ішінде инвестициялық кіріс - 183,7 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге көп.

«Кірістертегі негізгі үлесті нақты айтқанда 88,8 пайызды мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар құрады»,-деді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар