Отырардың туристік кластерін дамыту басты назарда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Отырар ауданында туристік кластерді дамыту мәселелерін көтерген жиын болып өтті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиынға аудан активтері, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының қызметкерлері қатысты. Жиында мұражай директорының орынбасары С.Ақылбек, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Оралбайлар баяндама жасап, ауданның туризм саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
None
None

Жиында сала басшылары «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық, тарихи нысандардың айналасын абаттандыру, көріктендіру, келетін қонақтарға сервистік қызмет көрсету сапасы жөнінде жан-жақты ақылдасты. Келер жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келетін әрбір қонақтардың турист ретінде киелі Отырар жеріне де ат басын бұратыны белгілі. Сондықтан, мәртебелі қонақтарды құрметпен күтіп алып, лайықты шығарып салу ұлтымызда бар ғұрып. Аудан аумағындағы тарихи орындар мен «Арыстанбаб» кесенесінің айналасындағы тазалық, дүнгіршектердегі сатушылар мен қызметкерлердің униформамен жүруі, сервистік орталықтарының сапасының талапқа сай қызмет көрсетуі, отырарлық брендті қалыптастыратын жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарын туристерге ұсыну, бағдарлық тақтайшалардың үш тілде жазылуы төңірегінде аудан әкімі жан-жақты ой қозғады. Жалпы тәртіп пен тазалық мәдениеттілік пен парасаттылықтың белгісі екендігін сөз еткен аудан басшысы тисті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар