10:21, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Ойсыз қалжың орға жықты
ӨСКЕМЕН. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Семей қаласының соты ұялы телефонмен Алматы әуежайында бомба қойылғандығын хабарлаған екі жалған лаңкеске қатысты айыптау үкімін шығарды.

2 мамырдағы сот үкімімен Е.Евдокимов пен А.Розаев ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша ерекше режімдегі түзеу колониясына 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Азаматтық шағым толық көлемде қанағаттандырылды. Сотталушылардан «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ына 277519 теңге көлеміндегі материалдық шығын өтелетін болады. Сонымен қатар өрт сөндіру қызметіне 86 мың, Шығыс Қазақстан полициясына 36 мың және ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облыстық департаментіне 118847 мың теңге өтеледі. Бірінші саты үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.