Ойындардың жеті қатысушысы Олимпиадалық ауылдан қашып кетіп, Лондонда жоғалып кетті

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасына Камерун елінен барған жеті адам, расталмаған мәліметтер бойынша, жарыстар аяқталған соң туған жерге оралудан бас тартты, деп хабарлайды РБК.
None
None

Камерунның олимпиадалық делегациясы спортшылар команданың орналасу жерінен өздігімен кеткендігін және олардың қазіргі уақытта орналасқан жері белгісіз екендігін растады.

«Басында қауесет ретінде көрінген жайт шындық болып шықты. Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысқан жеті камерундық атлет Олимпиада ауылынан қашып кетті», - деп хабарлады камерундық делегацияның жетекшісі Дэвид Оджонг елдің Спорт министрлігіне мәлімдемесінде.

«Қашқындар» арасында бес боксшы, әйелдердің футбол құрамасының қосалқы қақпашысы және жүзуші бар. Спортшылар Еуропада экономикалық себептермен қалуы әбден мүмкін, деп атап өтеді Би-Би-Си.

Халықаралық олимпиадалық комитетте камерундық атлеттердің шешімі туралы әзірше ештеңе білмейді.

Камерундық «олимпиадашылар» жарыстар аяқталған соң туристер болғысы да келген шығар. Британдық прессаның атап өтуінше, Олимпиада қатысушыларына аккредиттеу арқасында елде қарашаның басына дейін болу рұқсат етілген.

Соңғы жаңалықтар