08:04, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Өз баласын өлтірді деген айып тағылып отырған азамат сот қаулысымен қамауға алынды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Май аудандық соты ІІБ тергеушісінің прокурор қолдаған ауыл тұрғынын қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Ауыл тұрғынына баласын өлтірді деген айып тағылып отыр. Ол алкогольді мас күйінде ұлының көмейіне пышақ жарақатын салды.
Сот тергеу жүріп жатқан уақытта қамауға алу туралы шешімді қабылдау кезінде азаматтың ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлімімен қарастырылатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып отырғанын, еш жерде жұмыс істеймейтінін, кәмелеттік жасқа жетпеген балаларының жоқтығын және мекенжайы бойынша жағымсыз сипатталатынын есепке алды.
Сот қаулысы заңдық күшіне енді.