Өз кәсібін дамыту үшін несие алушылар қатары күн санап көбейіп келеді - БҚО

ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданында өз кәсібін дамыту үшін несие алушылар қатары көбейіп отыр.
None
None

Аудан әкімі Алдияр Халеловтің айтуынша, Елбасы тапсырмаларына сәйкес «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, мал өсірушілер баршылық. Мәселен, «Төре», «Бірлік» шаруа қожалықтары қой басын көбейтіп, бордақылау алаңын жолға қоймақшы. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес ауылдық округтерде жаңа қожалықтар ашылуда.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік өкілдері ауданда болып, түсінік жұмыстарын жүргізіп, ауыл кәсіпкерлеріне бизнес жоспар жасауға көмектесті. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес жыл басында 10 млн. теңге несие алу жоспарланса, қазіргі кезде 111 тұрғын 265 млн. теңге несие алуға бекініп отыр.

Ауданда бірқатар жаңа жобалар қолға алынып, жұмыс орындары ашылмақшы. Айталық, жергілікті кәсіпкер А.Рудь 420 шаршы метр жылыжай мен тамшылатып суару арқылы бау-бақша өсіруді жоспарласа, Б.Орынбеков құс фабрикасын орнатпақшы. Құрылыс материалдарына сұраныс болғандықтан, Р.Камзаев терезе-есік дайындайтын цех ашуды ойластырса, Н.Оразғалиев төбе жабынын шығармақшы.

Соңғы жаңалықтар