«Өз кәсібінің үздігі» журналистер конкурсы жалғасуда -ТМД

Атап айтқанда, «Үздік телебағдарлама» (ақшалай сыйлық - 500 мың рубль), «Үздік радиобағдарлама» (250 мың рубль), «Баспасөз бетіндегі үздік мақала» (250 мың рубль), «Интернетбасылымдағы үздік мақала (150 мың рубль) және «Үздік фотожұмыс» (150 мың рубль) аталымдары бойынша үздіктер анықталады.
Конкурсқа 2009 жылдың қазан айының 15-і мен 2010 жылдың қазан айының 15-і аралығында БАҚ беттерінде жарияланған немесе теле- және радиоэфирде берілген журналистік жұмыстар қабылданады. Конкурс жеңімпаздарын ақшалай сыйлықтармен қоса, лауреат атағы, ескерткіш сыйлық және құрмет белгісі күтіп тұр.
Бұл конкурсты ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры, «Еуразия МедиаОрталығы», Журналистер одақтарының халықаралық конфедерациясы, Халықаралық теледидар және радио академиясы және Ресейдің Журналистер одағы тағайындап отыр.