Өз мекемесіне 2,5 млн. теңге залал келтірген бас бухгалтер сотталды

ОРАЛ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық соты А.Қарабаеваны ҚР ҚК 176-бабы, 3-бөлімі «б, г» тармақтарында (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе рәсуалау) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып,
None
None

мүлкін тәркілеумен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, «Батыс Қазақстан облыстық орта білімді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» МКҚК пайдасына 2,5 млн. теңге өндіруге үкім шығарды.

БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш кәсіпорынның бас бухгалтері болған А.Қарабаева 2008-2010 жылдары іссапар шығындарын, еңбекақы, сонымен қатар МКҚК керегіне қажет деген желеумен чектерге директордың қолын бірнеше рет қойдырған. Ақыры аталған қаржыны мекеме есепшотынан алып, өзі иемденіп кеткен. Оған қоса кәсіпорын көрсеткен қызмет үшін түрлі заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен ақшаны да қымқырған. Сөйтіп өз кәсіпорнына 2,5 млн. теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Соңғы жаңалықтар