Өз үйінде арақ сатқаны үшін ауыл азаматшасына айыппұл салынып, «қорлары» тәркіленді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ертіс аудандық соты ауылда тұратын әйелді
None
None

ҚР Кодексінің 357-1-бабының 1-бөлімімен қарастырылатын әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда айыпты деп танып, оған бір АЕК көлемінде айыппұл салды.

Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, азаматшаның үйінен табылған алкогольді шөлмектер мемлекет пайдасына тәркіленді.

Арақты заңсыз сатумен айналысқан ауыл азаматшасына қатысты әкімшілік істі рейдтік тексеру барысында салық инспекциясы қозғады. Әйел жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және алкогольдік өнімдерді сатуға лицензиясы болмаған.

Ол өз кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкінетіндігін білдіріп, арақты «ақшаның жоқтығынан сатқанын» түсіндірді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум