17:35, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Өзара іс-қимыл туралы меморандум Германия және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жақсы негіз болады - У.Грилло
БЕРЛИН. 25 қазан. ҚазАқпарат - Өзара іс-қимыл туралы меморандум Германия және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жақсы негіз болады.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовпен «Регент» қонақ үйінде болған кездесуден кейін Жалпыгерманиялық өнеркәсіп бірлестігінің резиденті Ульрих Грилло хабарлады.
«Жуырда шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жақсы негіз болады, бірақ бұл меморандумға дейін де біздің экономикалық қатынастарымыз жақсы дамыған еді», - деді У.Грилло.
Оның айтуынша, Қазақстанның Үкімет басшысымен кездесу кезінде олар меморандумды нақты мазмұнмен толтыру үшін күш салу қажет деген ортақ пікірге келген.