Өзбекстан ISO халықаралық стандарттарын енгізудегі Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр

Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында Сапа менеджерлері мен аудиторларының халықаралық қауымдастығының президенті Азат Әбдірахманов (Қазақстан) хабарлады.
Ташкентте бүгін «TQM Uz - 2011» сапа менеджерлері мен басшыларының ІҮ халықаралық форумы басталды. Оның жұмысына Үндістан, Жаңа Зеландия, ОАР, Тайвань, Германия мен ТМД елдерінің өкілдері қатысуда.
«Біз бес жылдан астам уақыт Өзбекстанның үкіметтік ұйымдарымен тығыз жұмыс жасап келеміз. Нақтырақ айтсақ, оның ішінде Өзбекстанда ISO халықаралық стандарттары мен сапа менеджменті жүйесін енгізумен айналысатын «Өзстандарт» мемлекеттік агенттігі де бар. Айта кетер жәйт, Қазақстандағы бұл бағыттағы жұмыстар 15 жыл бұрын бастау алды. ҚР Үкіметі, мемлекеттік басқару органдары қолдауының арқасында қазіргі күні Қазақстанның өнеркәсіп, экономика, әлеуметтік сала секілді бағыттарында ISO халықаралық стандарттары енгізілуде. Қазіргі күні алты мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын осы аталған стандарттарды енгізген», - деп хабарлады қауымдастық президенті.