19:01, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Қазақстанға аттанды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен 24 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов ресми сапармен Қазақстанға аттанды.

«Кездесу және келіссөздер барысында екі елдің мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда өзбекстандық-қазақстандық жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дамуы мәселелерін талқылайды, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер жайында өзара пікір алмасады», - деп хабарлады Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметінен.