09:15, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Өзбекстан Республикасының 7 азаматы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Жаңа өзен қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінен табиғи газдың шығуы салдарынан өрт шығып, Өзбекстан Республикасының 7 азаматы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәрсенбі күні Арай шағын ауданындағы №19-шы көшеде орналасқан жекеменшік үйден табиғи газдың шығуы салдарынан өрт шықты. Ол 40 шаршы метрді шарпыған.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өртке қарсы қызметінің күшімен 09 сағат 25 минутта ауыздықталды.