08:32, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Өзбекстанда болған жер сілкінісінің дүмпуі Таразда байқалды
ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Өзбекстан территориясында болған жер сілкінісінің дүмпуі Таразда байқалды.

Бұл ақпаратты Қ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
«ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмикалық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің мәліметтеріне сәйкес, 26 қыркүйек күні сағат 01.18-де, Өзбекстан Республикасының аумағында К=11,2 энергетикалық қуатымен жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 463 шақырым жерде орналасты. Жерасты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 2 балл қуатымен Тараз қаласында байқалды. Құрбандар мен қираулар туралы ақпараттар алынған жоқ», - делінген таратылған хабарламада.