18:29, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Өзбекстанмен шекарада көліктер үшін «Қазығұрт» кеден бекеті уақытша жабық
ШЫМКЕНТ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қазақстандық-өзбекстандық шекарада орналасқан «Қазығұрт» кеден бекеті көліктер үшін уақытша жабық, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Өзбекстан бекеттен елдің түкпіріне дейін баратын жолды күрделі жөндеуден өткізуде. «Жақын орналасқан көлік жолын күрделі жөндеуден өткізуге байланысты Ташкент облысындағы «С.Наджимов» кеден бекеті арқылы («Қазығұрт» бекетімен жапсарлас орналасқан) жүк көліктерінің жүрісі уақытша жабылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Баян Жармұхамбетова.