08:12, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Өзен-көлдерде уылдырық шашу маусымы басталғандықтан балықшыларға қармақтарын қамдамай тұра тұруға кеңес берілді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Аймақтың су тоғандарында 10 мамыр мен 20 маусым аралығында балық аулауға, оның ішінде спорттық аулауға да тыйым салынды,

деп хабарлады Павлодар облыстық балық инспекциясы бөлімі.
Ертіс өзені, жайылма және дала өзендері, Екібастұз ГРЭС пен Ертіс-Қарағанды арналарында балық аулауға тыйым салынды.
Қатал бақылау орнатылды - балық аулау ережелерін өрескел бұзушыларды сот пен әкімшілік жаза күтіп тұр. Судағы құқық бұзушылықтар үшін айып 10-нан 20 АЕК пен мүлікті тәркілеуге дейін барады.
Уылдырық шашу маусымында облыстық балық шаруашылығы су тоғандарында кемелер, катерлер мен моторлы қайықтарда жүруге тыйым салынып отыр.