Өзге ұлт өкілдерінің шамамен төрт мыңдай оқушысы қазақ тілді білім беру мектептерінде оқиды - Жамбыл облысы
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Қырғызәлі Тілеуовтың айтуынша, жамбылдық балалар мемлекеттік тілді оқып қана қоймай, оны жете біледі. «Осы сөзімізге дәлел ретінде, түрлі республикалық байқауларды айтуға болады, оларға қатысқан жамбылдық балалар әр кез жүлделі орындардан көрінуде», - деп атап өтті Қ.Тілеуов.
Ол тілге тиек еткендей, биылғы жылы 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған бағдарлама өз мәресіне жетті, оның нақты нәтижелері де бар. Оны жүзеге асыру шеңберінде облыстық әкімдік тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асырылды, осының арқасында түрлі деңгейлердегі әкімдіктердегі құжат айналымы 98 пайыз қазақ тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ, Тараз қаласында Қазақ тілін үйрету орталығы да ашылды.