10:50, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Өзін қазақстандықпын деп санайтын азамат сайлауға қатысуы керек - Т.Сумкина, БҚО
ОРАЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Өзін қазақстандықпын деп санайтын азамат сайлауға қатысуы керек.
Бұл туралы Оралға қарасты Круглоозерный кенттік округінің қызметкері Татьяна Сумкина мәлім етті.
Оның айтуынша, әркім өз азаматтық ұстанымын білдіріп отыратын болса, қоғам мен өмірдің сан алуан мәселелерін шешуге септігін тигізеді. Мемлекеттегі саяси жағдай, түптеп келгенде, азаматтардың сауаттылығы мен саналылығына байланысты. Сондықтан елдің болашағы шешілетін сайлау кезінде адам ретінде белсенділік таныту керек. «Мен еліміздегі сияқты, Ақ Жайық өңірінің сайлаушылары да саяси науқанға белсене қатысады деп сенемін», деді Т.Сумкина.