Өзін-өзі жұмыспен қамтуға негізделген шағын немесе уақ бизнесті дамытудың маңызы зор - Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өзін-өзі жұмыспен қамтуға негізделген шағын немесе уақ бизнесті дамытудың маңызы зор.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық - Қазақстанды индустриялдық дамытудың кадрлық резерві» тақырыбында өткен «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлім етті.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық мәселесі бойынша осы санаттың құқықтық мәртебесін анықтау және олардың экономиканы дамытудағы рөлін белгілеу маңызды болып табылады. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, қай мемлекетті алып қарасаңыз да, ол елдің үкіметі де, ірі бизнесі де жеткілікті түрде жалдамалы жұмыс орындарын құрып бере алмайды. Бұл ретте дәл осы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жалдамалы еңбектен кәсіпкерлікке ауыса алатын түрге жатады. Сондықтан да, бізге ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтуға негізделген шағын немесе уақ бизнесті дамыту қажет деп санаймыз», - дейді Б. Нұрымбетов. Оның айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері тек қана құқықтық алаңда қызмет ететіндерге қатысты болып отыр. Осыған байланысты, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың заңды нарықтық ортаға шығуына жағдай жасаудың маңызы зор. «Бұл ретте оларды даярлық білімі арқылы немесе қайта даярлау арқылы ішкі нарыққа жұмыспен араластырудың жемісті болатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум