P. Diddy-дің жазасын өтеу мерзімі ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Шон P. Diddy Комбстың түрмеден босатылатын күні тағы бір айға шегерілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

P. Diddy-дің жазасын өтеу мерзімі ұзартылды
Фото: ТАСС

Ол бұған дейін бірнеше рет түрме ережелерін бұзған. Рэпердің жазасын өтеу мерзімінің кейінге шегерілу де осыдан болуы мүмкін. 

Бастапқыда музыкалық магнат Нью-Джерсидегі Форт-Дикс федералды түзеу мекемесінде 2028 жылдың 8 мамыр күні жазасын аяқтайды деп күтілген. Алайда, Page Six басылымының хабарлауынша, оны босату 2028 жылдың 4 маусымына ауыстырылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін рэпер P. Diddy 4 жыл 2 айға сотталғаны жайлы жазған едік. 

Ал АҚШ прокурорлары рэпер P. Diddy-ге 11 жыл түрме жазасын беруді талап етті. 

Камила МҮЛІК

Соңғы жаңалықтар