Пәкістан әскери делегациясы Қазақстан офицерлерінің білім жүйесімен танысты
«Қазақстан тарапы Пәкістанмен ынтымақтастыққа жоғары мән береді және біздің мемлекеттер арасындағы стратегиялық байланыстардың дамуы мен өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға баса назар аударады»,-деді Е. Оразов.
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы екі жақты қарым-қатынастардың тереңірек дамуының құралы болып болып саналады.
2012 жылғы қарашада Қазақстан мен Пәкістан арасында тиісті әскери ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Әскери сарапшылардың айтуынша, бүгінгі күні екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында қорғаныс өнеркәсібі саласында өзара жақсы қарым-қатынас орнаған.
Щучинскіде Ұлттық қорғаныс университеті базасында пәкістандық делегация өкілдері Қазақстан Республикасы әскери білім жүйесімен егжей-тегжейлі танысты. Оқу орнына жасалған экскурсия, брифингтер мен тұсаукесерлер офицерлерге академиялық білім алып жатқан қазақстандық әскери университет туралы ауқымды ақпарат алуға мүмкіндік берді.
«Қазақстан Қарулы күштерінде әскери кадрларды дайындау жүйесінде сапалы әрі мықты іргетас қаланған»,-деді Пәкістан әскери делегациясының басшысы генерал-майор Джавед Икбал.