Пәкістанда денге безгегінен көз жұмғандар саны 36-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның оңтүстігіндегі Синд провинциясында тағы үш адам денге безгегінен қайтыс болды, деп жазды Синьхуа агенттігі.

Пәкістанда денге безгегінен көз жұмғандар саны 36-ға жетті
Фото: freepik.com

Агенттіктің дерегінше, аурудан көз жұмғандардың жалпы саны 36-ға жеткенін жергілікті денсаулық сақтау департаменті хабарлаған.

Департамент мәліметіне сәйкес, 50 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйел Хайдарабадта қайтыс болған, ал 55 жастағы әйел Қарачиде көз жұмды.

Аталмыш кезеңде барлығы 5229 тест жүргізілген, оның 774-інде вирустың бар екені анықталған, деп хабарлады департамент өкілдері. Сол уақытта Синд провинциясының ауруханаларына 180-нен астам науқас жатқызылған, ал 191 науқас сауығып, ауруханадан шығарылған.

Бұған дейін туристер Мальдив аралдарында денге безгегінің таралуына шағымданған болатын.

Соңғы жаңалықтар