Палестина-израиль жанжалы шиеленіскен жағдайда ҚР азаматтарын шұғыл көшіру жоспары пысықталуда - СІМ

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 16 қарашада паластина-израиль жанжалының шиеленісуіне байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі ұрыс қимылдарының барысында қаза тапқандар мен зардап шеккен Қазақстан азаматтары, сондай-ақ әскери қақтығысулар ауданында тұратын біздің отандастарымыз жоқ екенін хабарлайды.
None
None

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР-ның Израильдегі елшілігінде консульдық есепте  Израильде тұратын 30 Қазақстан азаматы бар. Газа Секторында тұратын 17 азамат ҚР-ның Иорданиядағы елшілігінің консульдық есебінде тіркелген.

Бүгінгі күні Израильде және Газа Секторында тұратын біздің отандастарымыз Отанға оралу жөнінде өтініш жасаған жоқ. Жанжал шиеленісе түскен жағдайда СІМ желісі бойынша ҚР азаматтарын шұғыл көшіру жоспары пысықталуда.

Сыртқы істер министрлігі Израильдегі ҚР Елшілігінің консулдық бөлімінің телефондары жөнінде ақпараттандырады. Бұл телефон нөмірлері бойынша тәулік бойы қажет болған жағдайда хабарласуға болады:  8-10-97-203 516-34-11, 516-34-64,  консул Еркен Қуандықұлы Мұстафиннің ұялы нөмірі +972-546-071-528, электронды мекен-жайы: e.mustafin@mfa.kz, сондай-ақ Иордан Хашимит Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі: 8-10-962- 6 - 592-79-53/54, консул Бақытжан Серікұлы Қойшыбаевтың ұялы телефоны +962-798-806-729, электронды мекен-жайы: kazcon@orange.je.

ҚР СІМ консулдық қызметінің департаментінде жанжал аймағындағы біздің азаматтарымыздың мәселесімен: Израиль бойынша - құрылымның қызметкері Тортаев Рамиля айналысады, оның жұмыс телефонының нөмірі (7172) 72-04-86, Палестина бойынша - Князбаева Анар, жұмыс телефоны (7172) 72-03-07.

Сағат 18.00-ден кейін СІМ кезекші дипломатының телефон нөмірі (7172) 72-01-11.

Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына жағдай қалыпқа келгенге дейін бұл өңірге сапар шегуден бас тартуды сұрайды.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат ҚР сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар