Пара алған еңбек инспекторы 2 400 000 теңге айыппұл төлейтін болды - БҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қалалық соты мемлекеттік еңбек инспекторының пара алу фактісіне қатысты қылмыстық істі қарады.
None
None

Б. Бисенбиев БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы бола тұра, ЖШС-нің директорынан аталған серіктестік қызметкерінің өндірістік жарақат алу фактісі бойынша тексеріс жүргізбеу үшін 40 мың теңге көлемінде пара алған.

Орал қалалық сотының үкімімен Б. Бисенбиев ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен айыпты деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен 2 400 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Ол өмір бойы мемлекеттік мекемелерде және өзін-өзі басқару мекемелерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар