Parigi Equity Partners Халықаралық қаржы қоры Шымкентте жаңа зауыттар салатын болды

ШЫМКЕНТ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Parigi Equity Partners (Италия) Халықаралық қаржы қоры Шымкентте жаңа зауыттар салатын болды. Бұл туралы келісімге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен қор басшылығы қол қойды.
None
None

Бүгін қор президенті Джампаоло Париджи делегация құрамында Шымкентте болып, аймақ басшылығымен кездесті. Сонымен қатар Шымкенттің Өндіріс аймағында болып, «Оңтүстік» еркін экономикалық аймақпен, Шымкент қаласының көлік-логистикалық орталығымен, «Шымкент әуежайы» АҚ-мен, өзге де нысандармен танысып қайтты.

«Еуропалық инвесторлар өзара тиімді қарым-қатынастар туралы келісімге қол қойылған бірлескен кәсіпорындарды жүзеге асыруды егжей-тегжейлі талқылау үшін келіп отыр. Олардың қатарында орама материалдар, тұрмыстық техника мен электроника шығаратын, жуу заттары мен косметикалық өнімдердің өндірісі, сою цехы секілді нысандар бар», - деді ОҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Нұржан Әлтаев.

«Parigi Equity Partners» экономиканың энергетика, құрылыс, денсаулық сақтау, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы секілді салаларын дамытуға белсенді араласпақ. Компания таяу 5-7 жыл ішінде қазақстандық экономикаға бірнеше миллиардтаған қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр», - деді «Parigi Equity Partners» президенті Джампаоло Париджи.

Соңғы жаңалықтар