Парижде 1843 жылы қойылған атақты спектакль Алматыда тұңғыш рет сахналанады (ФОТО)
«Қойылым премьеарасы 19-20 желтоқсан күндері қойылмақ. Француз драматургтері Ф.Ф.Дюмануара мен А.Ф.д'Эннеридің «Испан ақсүйегі» пьесасы - әлем классиканың жауһары», деп жазады teatrlife.kz сайты бұл туралы.
Спектальде сыған қызы, көше бишісі Маритана әдемілігімен Испан королінің көзіне түседі. Алайда, корольдің әйеліне ғашық екі жүзді, сатқын әрі зұлым сарай министрі ғашықтардың махаббатын өз пайдасына шешпек болады. Ақыры сыған қыз өлім жазасына кесілген граф Дон Сезар де Базанға күйеуге тиеді.
Классикалық қойылымды осыған дейін талай шетелдік режиссерлер сахналады. Ал, қазақ сахнасында пьесаны орыс тілінен өзі тәржімалаған, белігі режиссер Әбубәкір Рахимов қояды. Спектакльдің қоюшы суретшісі Е.Тұяқов. Қазір М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық Драма театрында 19, 20 желтоқсан күндері премьерасы өтетін «Дон Сезар де Базан» спектакліне әзірленіп жатыр. Театр көрермендеріне жаңа комедияның сахна сыртындағы дайындық жұмыстарынан фоторепортаж ұсынған.