Паркур бойынша әлем чемпионы елорда шатырларында шеберлігін сынады

«Қазақстанға алғаш рет келдім, қазіргі заманда қала қаншалықты тез дамитынына таңданып отырмын. Маған 20 жыл бұрын сол жағалауда осындай әдемі ғимараттардың болмағанын айтты, қазір мұнда адамдар жұмыс істеп жатыр», - деді атлет.
Райан Астанада 3 күн саяхаттады. Елорда шатырларының беріктігін сынады, жергілікті фриранерлермен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және Astana Energy жобасы үшін материал жиды.
Astana Energy видеожобасы - фринардан әлем чемпионының көзқарасы бойынша - заманауи Астана қаласының энергия түсінігін ашады.
Жоба Астана қаласының әкімдігі, «Астана Конвенш Бюро» ЖШС және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Райан Дойл (Ryan Doyle) - «Фрираннер» фильмінде басты рөлдердің бірінде ойнады, MTV «The Ultimate Parkour Challenge» шоуына қатысты, «Кері уақытқа қайту» жобасына қатысты.
Райан Тәж-Махал, Колизей, Мачу-Пикчу сияқты жерлерде өзін видеоға түсірген.