Парламент 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген өзгерістерді қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат. /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында белгіленген нақты міндеттерді іске асыру мақсатында және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы макроэкономикалық көрсеткіштерінің 2010-2014 жылдарға арналған нақтыланған болжамы негізінде әзірленген. 2010 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде былтырғы жылы әлемдік тауарлық нарықтардағы даму мен қазақстандық экономика салалары дамуының болжамды үдерістері ескеріле отырып, экономика дамуының базалық сценарийі негізге алынған.

Сондай-ақ бюджетке сәйкес 2010 жылы мұнайға әлемдік бағаның болжамы 1 баррель үшін 50 доллардан 65 долларға ұлғайтылу көзделген. Сонымен бірге 2010 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өзгеруі 102 пайыз деңгейінде болжанады. Сондай-ақ ағымдағы жылғы инфляция деңгейі 6-8 пайыз деңгейінде жоспарланып отыр. Жалпы, республикалық бюджет шығыстары 272 млрд. теңгеге ұлғайтыла отырып, 4 трлн. 182 млрд. теңге сомасында нақтыланды. Тұтастай алғанда бюджет шығыстарының ұлғаюы Елбасы Жолдауынан туындайтын іс-шараларды іске асырумен байланысты болып отыр. Сондай-ақ бюджетке түстін түсімдер көлемі бекітілген бюджетке қарағанда 189,4 млрд. теңгеге өсіп, 3 трлн. 378,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет тапшылығы бекітілген көрсеткішке қарағанда 82,6 млрд. теңгеге өсіп, 803,6 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 4,6 пайызына тең.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар