Парламент Қазақстан мен Катар арасындағы салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
None
None

Аталған құжаттарға 2014 жылдың 19 қаңтарында Астана қаласында қол қойылған болатын. Бұл ретте келiсiм уағдаласушы мемлекеттiң немесе оның орталық, яки жергiлiктi билiк органдары атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға қатысты оларды алу әдiсiне қарамастан, уағдаласушы мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып саналатын тұлғаларға қолданылады.

Сонымен қатар құжат жылжымайтын мүліктен, кәсіпкерліктен түсетін пайда, теңiз немесе әуе кемелерiнің халықаралық тасымалынан алынған пайда, сондай-ақ пұлға, бiрлескен кәсiпорынға немесе көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi халықаралық ұйымға қатысудан алынған пайда бойынша салық салу тәртiбiн реттейдi.

Бұдан бөлек, әдебиет, өнер туындыларына немесе ғылыми жұмыстарға, кез келген патентке, сауда таңбасына, дизайнға, құпия формулаға немесе процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн кез келген сыйақы, сондай-ақ өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенге төлем үшін алынған пайдадағы салық салулар қарастырылады.

Тұтастай алғанда, Келісім аясында инвестицияға жағымды ахуал қалыптастыру арқылы Қазақстан мен Катар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту көзделеді. Оның аясында Тараптардың бірінің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларына қосарланған салық салуды болдырмау шаралары қарастырылады.

Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар