Парламент Кореяға дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салу үшін Астанадан жер беру туралы келісімді қабылдады

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
None
None

Аталған құжатқа 2010 жылғы 22 сәуірде Сеулде қол қойылған болатын. Бұл ретте келісім Корея Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру мәселелерін зерттейді. Құжаттың 1-бабына сәйкес Корея тарапына Қазақстан тарапы Корея Республикасының елшілігінің ғимаратын салу үшін Астана қаласындағы Обаған және Арғанаты көшелерінің қиылысындағы жалпы алаңы 1 гектар жерді уақытша өтеусіз пайдалануға береді.

Сондай-ақ аталған республика елшісінің резиденциясын салу үшін Обаған көшесіндегі жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесін 49 жылға уақытша өтеусіз пайдалануға беретін болады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюна жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар