Парламент Мәжілісінде Қазақстанның даму Банкінің елді индустриялық дамытудағы рөлі жайында дөңгелек үстел өткізілді

деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Дөңгелек үстелге ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, сондай-ақ еліміздің ғалым-экономистері қатысты.
Қазақстанның даму Банкі (ҚДБ) мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, 2009 жылғы қызметтің алдын ала қорытындылары, 2010 жылға арналған жоспарлар, қаржыландыратын және пайдалануға енгізілген инвестициялық жобалар туралы мәліметті ұсынды.
Бүгінде ҚДБ инвестициялары өңдеуші өнеркәсіптің және өндірістік инфрақұрылымның барлық бастаушы салаларына ұсынылған, несие жиынтығының ағымдағы көлемі тиісінше 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. ҚДБ және оның «ҚДБ-Лизинг» АҚ еншілес ұйымының инвестицияларының қатысуымен пайдалануға 75 жаңа немесе жаңғыртылған нысандар енгізілді. 2010 жылы ҚДБ 19 инвестициялық жобаны пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр.
Банкті капиталдандыру түріндегі мемлекеттік қолдау 167,7 млрд. теңге сомасында экономикаға 4,0 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар қаржыландырудың өзекті мәселелерін және ірі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады.
Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға кедергі келтіретін проблемалы сұрақтарды анықтау үшін ҚДБ және даму институттарымен, жалпы ҚР Парламенті депутаттарымен ұдайы кездесулерді өткізу қажеттілігі атап өтілді.
Анықтама:
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2001 жылы құрылған. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіреді. Банк қызметінің басты бағыттары мемлекеттің инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша қызмет ету.