Парламент сайлауына ҚХР-дан келетін бақылау миссиясына Яо Пэйшэн жетешілік етеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 15 наурызда Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев белгілі қоғам қайраткері, ҚХР-дың ҚР-дағы бұрынғы елшісі, алдағы парламенттік сайлауға ҚХР-дың бақылаушылар миссиясының жетекшісі Яо Пэйшэнмен (Yao Peisheng) кездесті.

Кездесу барысында қазақ дипломаты алдағы сайлау науқанына дайындық барысымен таныстырып, партиялардың саяси бағдарламалары жөнінде қысқаша мәлімет бере кетті. Сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен стратегиялар, оның ішінде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары бойынша бес институциональдық реформа барысын айтып өтті.

Яо Пэйшэн Қазақстан Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктесі екендігін атап өтті. Сондықтан қытай тарапы алдағы сайлау үдерісіне және оның нәтижелеріне барынша мән береді. Ол кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу қазақстандық қоғамды сөзсіз демократияландыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен бірге, ҚР мен ҚХР арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға қатысты, сондай-ақ екі елдің интелектуалдық орталықтары мен ғылыми-техникалық құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл жасасуды нығайту жайында пікір алмасылды.

Соңғы жаңалықтар