Парламент Сенаты үшін 2009 жыл табыстарға толы болды - М. Нұртілеуов

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент Сенаты үшін 2009 жыл табыстарға толы, зейнеті мен бейнеті де мол жыл болды. Бүгін ағымдағы жыл ішінде Парламент Сенатының атқарған жұмыстарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында Сенат Аппаратының басшысы Мұрат Нұртілеуов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Палатаның заң шығару қызметі бірінші кезекте Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауы мен еліміздің стратегиялық даму бағдарламаларынан бастау алатын нормативтік-құқықтық міндеттерді қамтамасыз етуге бағытталды. Өнеркәсіп, аграрлық сала, медицина мен білім беру, ғылым мен мәдениетті өркендетудің осы кезеңдегі даму қарқынын үдете түсудің өзектілігін ескере отырып, берік заңнамалық негіз қалыптастыру жағынан көптеген жұмыстар атқарылды. Сонымен бірге, дүниежүзілік қаржы-экономикалық жүйенің дағдарысы тұсында бюджеттік үдерістің тиімділігін арттыруға, экономиканың нақты секторын қолдауға инвестициялар тарту мәселелеріне депутаттық корпус өз қызметінде ерекше назар аударды. Азаматтық қоғам құрған, демократиялық құндылықтарды дәріптейтін еңселі ел ретінде әлеуметтік саяси маңызы зор бірқатар заңдар қабылданды. Бұл құжаттар еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында қолға алынған игілікті іс-шаралардың табыстарын еселей түсуіне қосымша серпін берері сөзсіз», деді Аппарат басшысы.

Оның айтуынша, алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін депутаттық корпус атқарушы және өкілетті биліктің барлық деңгейдегі буындарымен қоян-қолтық жұмыс атқаруда. Бұл ретте Парламент дағдарысқа қарсы және дағдарыстан кейінгі дамуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Үкімет бастамаларына уақытылы әрі жедел қолдаулар көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар