Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетінің отырысына қатысып, сөз сөйледі

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Қысқы сессиясының отырысына қатысу үшін Қазақстанның парламенттік делегациясын бастап Венаға келген  Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми
None
None

ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Сенат Төрағасы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен іс жүзіндегі табысты ынтымақтастығының 20 жылдығын атап өтіп, осы кезеңдегі біздің еліміздің демократиялық үдерістерінің дамуында қол жеткен нәтижелерге тоқталды.

Атап айтқанда, Қ.Мәми еліміздің саяси даму үшін мерзімінен тыс парламенттік сайлаудың маңызды екенін атап өтті.

- «Дауыс беру нәтижесінде көппартиялы Парламент құрылды, саяси үш партияның өкілдері ЕҚЫҰ ПА-дағы қазақстандық делегацияның құрамына енді және Ассамблеяның Қысқы сессиясына қатысуда»,- деді төраға.

Төраға Қазақстандағы сайлау барысындағы белсенді жұмыстары және сайлау үдерістерін жақсартудағы мүдделі қадамдары үшін Парламенттік Ассамблея мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясына қатысушылардың бәріне алғыс айтты.

Қ.Мәмидің айтуынша, сайлау үдерістерінің ашықтығын ұлттық институттардан басқа халықаралық байқаушылар миссиялары да қамтамасыз етті. Қазақстандық тараптың шақыруы бойынша байқаушы ретінде 11 халықаралық ұйым мен 29 шет мемлекеттен 819 өкіл сайлауға қатысты.

- «Жүргізілген монторинг сайлау нәтижелерінің заңдылығын және халықаралық стандарттарға сәйкес екенін нақтылады, ол туралы ТМД, ШЫҰ, ИЫҰ, ТүркПА миссияларының басшылары, АҚШ, Бельгия, Аустрия және басқа бірқатар елдердің тәуелсіз сарапшылары мәлімдеді»,- деді төраға.

- «Қазақстандық қоғамның саяси жаңғыру үдерістерінің қисынды жалғасы көппартиялы Парламенттің қалыптасуы болып табылады»,-деді Қ.Мәми.

Төрағаның айтуынша, «демократия үдеріс ретінде мызғымайтын нәрсе емес. Жұртшылық демократияның ережелері мен құндылықтарын ұғыну үшін ол тұрақты түрде қолдауды және дамытуды талап етеді».

Қ.Мәми айтқандай, «ЕҚЫҰ және оның институттарымен қоса мүдделі халықаралық ұйымдардың бәрімен сындарды ынтымақтастықты одан әрі дамытуға біздің еліміз әзір».

- «Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер Парламенттерінің дәстүрлері мен көппартиялық парламентаризмнің құрылысындағы тәжірибесін зерделеуге мүдделі»,- деді Парламент Сенатының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар