Парламент ШЫҰ арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған келісімді қабылдады

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келісімнің мақсаты халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатерлерге бірлесіп ден қою үшін құқықтық негіз жасау, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, құжатта ақпараттық кеңістікте құқық бұзушылықтарды болғызбау және олардың жолын кесу жөнінде халықаралық өзара іс-қимылды дамыту шаралары көзделеді. Осы мақсаттарға Қелісімге сәйкес тараптар ынтымақтастықты іске асыра отырып, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірқатар негізгі қатерлердің болуын қаперге алатын болады. Атап айтқанда, бұндай қатерлерге ақпараттық қаруды әзірлеу және қолдану, ақпараттық соғысты дайындау және жүргізу, ақпараттық терроризм, ақпараттық кеңістіктегі үстем жағдайды басқа мемлекеттердің мүдделері мен қауіпсіздігіне залал келтіретіндей пайдалану, басқа мемлекеттердің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйелеріне, рухани, адамгершілік және мәдени орталарына залал келтіретін ақпаратты тарату секілді қатерлер жатқызылады.

Құжатқа сәйкес, әрбір Тарап өз мемлекетінің ақпараттық ресурстарын және аса маңызды құрылымдарын заңға қайшы келетін пайдаланудан, рұқсатсыз араласудан, оның ішінде оларға ақпараттық шабуыл жасаудан қорғауға тең құқылы болып табылады. Сондай-ақ, әрбір Тарап басқа Тарапқа қатысты осыған ұқсас іс-әрекеттерді жүргізбейді, қамтылған құқықтарды жүзеге асыру үшін басқа Тараптарға жәрдемдесетін болады.

«Келісім бойынша халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қауіптерге әсер беру тетіктерін құру, ШЫҰ мемлекеттеріне ақпараттық қауіпсіздік бойынша мүдделерді қамтамасыз ету қарастырылады», деді заң жобасы бойынша баяндаған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Жігітеков.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар