Парламент тараған жағдайда жаңа Үкімет туралы да сөз болады - Б.Жәмішев пікірі

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Парламент тараған жағдайда жаңа Үкімет туралы да сөз болады. Бұл пікірді бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев білдірді.
None
None

«Егер Парламент тарайтын болса, сайлау белгіленеді, онда, менің болжамымша жаңа Үкімет туралы да сөз болады», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Оның пайымынша, қазіргі Министрлер Кабинетінің құрамы алға қойылған міндеттерді атқара алуда.

Естеріңізе сала кетейік, 10 қараша күні Парламент Мәжілісінің 53 депутаты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарын мерзімінен бұрын тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу туралы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар