Парламент тұтынушылардың құқын қорғайтын заңды қабылдады

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасында келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын қабылдады.
None
None

Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі күні қолданыстағы тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық акті 1991 жылғы қаңтардың 5-інде қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ КСР заңы болып табылады. Осыған байланысты аталған заң жобасы жаңа редакцияда жасалып отыр. Құжаттың мақсаты - осы саладағы заңнаманы ел экономикасының қазіргі талаптарына және қолданыстағы басқа да заңнамаларға сәйкес келтіру болып табылады. Сонымен бірге, осы саладағы тұтынушыларды қорғау жүйесінің нақты тетігі бүгінгі күнге дейін қалыптаспағандықтан, олардың құқықтарын қорғау проблемасы өзекті мәселе болып табылады. Құжат осындай олқылықтардың орнын толтыруға арналып отыр.

Парламент Сенаты қос палата арасында құрылған келісім комиссиясының шешімдеріне толық қолдау білдірді. Нәтижесінде Парламент тарапынан аталған заң қабылданды.

Соңғы жаңалықтар