Парламент ҰҚШҰ шеңберінде Ресей рублін пайдалануға жол ашатын заңды қабылдады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң қабылданды.
None
None

Келісімнің өзгерісі тараптардың экономикалық қатынастары үшін маңызы зор өзара байланыстарды, соның ішінде әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізуге пайдаланылатын есептік бірлік туралы мәселені интеграциялық ынтымақтастыққа бұруды көздейді.  Соған орай, келісімге енгізілген өзгерістер бойынша еркін айырбасталатын валютамен қатар ҰҚШҰ мүше мемлекеттер арасындағы есеп айырысу құралдарының бірі ретінде Ресей Федерациясының рублін пайдалану көзделген. «Хаттама бойынша есеп айырысудың бір нысаны ретінде еркін айналыстағы валютамен қатар, Ресей рублін пайдалану көзделіп отыр. Бұл толықтыруды енгзуге қазіргі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, сондай-ақ ЕурАзЭҚ форматында кіші өңірлік ықпалдастықтың тереңдеуі әскери-техникалық ынтымақтастықты қосқанда резервтегі өңірлік валюталарды пайдалануды заңдастыру есебінен мемлекеттердің экономикалық өзара іс-қимылының түрлі бағытында қолданылатын валюталық-қаржы негіздерін қайта қарауды талап етіп отыр», - дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов. Оның айтуынша, резервтік валютаны енгізу АҚШ долларына тануды төмендету және саяси айла-шарғының қаржылық құралдарын жоюы тиіс. Бұл ретте хаттама әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жеңілдетуге ықпал ететін болады. 

Мамандардың айтуынша, Ресей рублімен есеп айырысу нысанын таңдауға ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің, сонымен қатар Қазақстанда әскери өнімдерді сатып алуды жүзеге асыру үшін үлкен көлемде еркін айырбасталатын валютаның жоқтығы себеп болып отыр. Одан басқа жақын уақытта әлемдік қаржы нарықтарының дағдарысы күтілуде. Бұл шетел банктеріндегі дефолт қаупін арттырып, қаражаттық жарамдылыққа әсер етеді. Осылайша ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің бюджеттік қаражаттарын жоғалту қаупі білінеді. Сондай-ақ еуро мен АҚШ долларының тұрақсыздығы да байқалады. Ал оларға қарағанда Ресей рублі соңғы бес жыл бойы өз тұрақтылығын сақтап тұрғаны белгілі.

Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар