Парламент Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінен қарыз алу туралы келісімді қабылдады
Аталған құжат «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің 3 учаскесін қаржыландыруға арналады. Бұл ретте келісімнің мақсаты Автомобиль жолдары желілерін қайта жаңғырту мен дамыту және жол пайдалану қызметі кешендерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қарыз тарту болып табылады. Осыған орай, Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі Қазақстанға 6 млрд. 361 млн. жапон йені сомасында қарыз ұсынады. Бұл шамамен 68 млн. долларды құрайды. Бұл келісімге 2010 жылдың 23 тамызында Токио қаласында қол қойылған.
Келісімге сәйкес, қарызды өтеу мерзімі 7 жылдық жеңілдікті қоса алғанда 25 жылға белгіленіп отыр. Тіркелген 1,7 пайыз жылдық ставка бойынша жарты жылда бір рет сыйақы төлеу көзделген. Ал міндеттеме үшін комиссия жылдық 0,1 пайызды құрайды. Бұл ретте Қазақстанның тең қаржыландыруы 40 млн. доллардан аспайды. Бұндағы республикалық бюджет қаражаты құрылыс жұмыстарын тең қаржыландыруға, сондай-ақ салықтар төлеуге бағытталатын болады. Келісім шеңберінде І техникалық санатқа ауыстырыла отырып, қашықтығы 20 шақырым Тараз-Қордай жол учаскесі шеңберінде Жамбыл облысы аумағы бойынша өтетін дәліз учаскесін қайта жаңарту көзделеді.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.