Партия съезі жаңа табыстарға жігерлендіреді

ОРАЛ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ -Партияның ХІІ съезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің өркендеу, өрлеу жолы, бүгінгі таңдағы және келешегі туралы айтқан келелі ойлары, тұжырымдары нағыз көреген саясаткердің жүрек түкпірінен төгіліп, бар ниетімен айтылғанын бірден сезінесің.
None
None
Әсіресе, индустриялық-инновациялық жедел даму бесжылдығын бастау жөніндегі міндетті орындау туралы ойы көп көңілінен шықты. Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтың бірлесе күш жұмылдыруы ? дағдарыстан қиналмай шығудың айқын бір жолы екені де айтылды. Бұл туралы съезд делегаты, Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы Едіге Өтебәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, съезден оралғаннан кейін аудан әкімі Рыспай Өтешевтің төрағалығымен жиын өткізіліп, аудан активінің бүгінгі таңдағы міндеттері айқындалды. Жалпы, съезден халықтың күткені көп еді, ол сенім ақталды. Соның бірі ? ?Жол картасы? бойынша шешімін табатын нақты істер болатын. Бірқатар сала басшысына аудан орталығында, ауылдарда шешімін табар істер төңірегінде тапсырмалар беріліп, оны орындау жолдары нақтыланды. «Нұр Отан» партиясының шынайы халықтық партия екеніне кім-кімнің де көзі анық жетуде. Осы он жыл ішінде партия басшылығымен қаншама жарқын бетбұрыс жасалды. Бұл жылдарға жалғаса беретін жарасымды іс деп білемін. Партия съезі бізді жаңа табыстарға жігерлендіреді», деді ол.
Соңғы жаңалықтар